Қазақстан Республикасының Тұнгыш президенті күні атап өтілді!

Қазақстан Республикасының Тұнгыш президенті күні атап өтілді!

02.12.2020 Выкл. Автор mseditor

ШҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ОВ-156/1 мекемесінде «Қазқстан Республикасының тұнгыш президенті күні» мерекесі шаруашылық қызмет көрсету жасағында салтанатты түрде карантиндік шаралардын және әлеуметтік арақашықтын сақталуымен аталып өтті.

Мекеменің сотталғандар арасындағы тәрие және әлеуметтік-психологиялық жұмысы бөлімінің бастығы әділет майоры Жаслан Молдаханов сотталғандарды мереке күні мен құттықтап, жаңа тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Назарбаев барлық Қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы деді.

Шаруашылық қызмет көрсету жасағындағы сотталғандар осы мерекені мерекелеуге өз өнерлерін ортаға салып, бірі әсем ән салса, екіншісі өлең жолдарын жатқа айтып берді және устел ойындарына атап айтқанда дойы, шахмат ойындарынын сайысына белсене араласты.

Сонынан жасақ сотталғандарына мекеменің мәжіліс залында «Путь лидера» көркем филмі көрсетілді. Аталған іс-шаралар бірер сағатқа созылса да берер азығы мол. Осы мерекеге белсене қатысқан сотталғандар, мекеме бастығының құқығымен марапатталатын болады.