Автокөлік иесінің сөмкесінен есірткіге ұқсас зат табылды

Автокөлік иесінің сөмкесінен есірткіге ұқсас зат табылды

06.08.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанШымкент қаласында автокөлік иесінің сөмкесінен есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН және Polisia.kz. 28 шілде күні Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірлесіп республикалық деңгейде өткізіліп жатқан “Қарасора-2020” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында, Шымкент-Ташкент тас жолында “Опель Вектра” маркалы автокөлігін басқарған 1963 жылы туған жергілікті тұрғын тоқтатылып, нәтижесінде автокөлік иесінің сөмкесінің ішінен полиэтиленді пакетке оралған жасыл түсті хош иісі бар есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленіп алынды. Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 954,03 граммды құрайтын “марихуана” есірткі заты екендігі анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігімен “Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау” қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарды жүргізілуде. Аталған азаматқа қатысты “ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат” бұлтартпау шарасы қолданылды.


Ақпарат көзі: Polisia.kz