АУЛАДА ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІЛЕР ПОЛИЦИЯҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

АУЛАДА ЖҮРГЕН ЖАСӨСПІРІМДІ ТОНАП КЕТКЕН КҮДІКТІЛЕР ПОЛИЦИЯҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

07.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

2020 жылғы 31 қазанда сағат 18:00 шамасында Ш.Қалдаяқов көшесінің бойында орналасқан үйлердің бірінің ауласында белгісіз тұлғалар ойнап жүрген 2013 жылы туған жасөспірімнің ішінде ұялы телефоны бар сөмкесін тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Аталған жайтты ағымдағы жылдың 1 қарашасында жасөспірімнің анасы полицияға хабарлаған.
Өз кезегінде Абай АПБ криминдалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шара жүргізу барысында күдіктілердің жеке басын анықтап, полицияға жеткізді. Олардің екеуі де кәмелет жасына толмағандар болып шықты.
Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 1-бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша заңды әрі негізді процестік шешім қабылданады.