Қауіпсіз жол

Қауіпсіз жол

22.09.2020 0 Автор mseditor

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бекітілген «Жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар өткізудің 2020 жылғы 3-тоқсанына арналған кестесінің» талаптарына сай, жүргізушілердің көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту.

Сондай-ақ Жол жүрісі қағидаларын бұзудың алдын алу мақсатында, 2020 жылғы 22-24 қыркүйек аралығында Республика көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.
Іс-шараның басты мақсаты жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауы, жол-көлік оқиғаларын болдырмау, сондай-ақ, заңсыз қайта жабдықталған көлік құралдарын, техникалық жағдайы мен құрылысы жол қозғалысы қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануға тыйым салуға шаралар қабылдау болып табылады.