
«Арнур» мейрамханасының ішінде мереке тойлаған 50-ге жуық адам анықталды
26.10.2020Шымкент қаласы Абай ауданы бойынша кәсіпкерлік нысандарда карантин режимінің сақталуын бақылауға алу мақсатында құрылған мобильді топ жұмысы жалғасуда.
Абай ауданы бойынша жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігердің Қаулысын сақтамай той ұйымдастырғандар анықталды. Нақтырағы Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Арнур» мейрамханасының ішінде мереке тойлаған 50-ге жуық адам анықталды.
Қаулыда көрсетілген шектеулерді өрескел бұзып, ешқандай ескертулерді елемей жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар Шымкент қаласы Абай ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.