Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасуда

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу жұмыстары жалғасуда

25.07.2020 0 Автор mseditor

Дайджест КазахстанҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 мамырдағы №306 «Қазақстан Республикасы азаматтарының Армения Республикасында тіркелген жекелеген көлік құралдарын Қазақстан Республикасына әкелуі мен пайдалануының кейбір мәселелері туралы» Қаулысы негізінде Армения Республикасынан 2020 жылдың 1 ақпанына дейінгі еліміздің аумағына кіргізілген көлік құралдарын тіркеуге алу жұмыстары жалғасуда, – деп ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.
Қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды. Оған 695 теңге (0,25 АЕК) – тіркеу үшін алым; 3 773 теңге (1,25 АЕК)- көлік құралын тіркеу куәлігі үшін баж; 7 778 теңге (2,8 АЕК)- мемлекеттік нөмер үшін баж кіреді.
Азаматтар көлік құралдарын «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Халыққа қызмет көрсету орталығының Шымкент қаласы бойынша мамандандырылған бөлімдеріне барып, 10-15 минут ішінде тіркей алады.
Бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы аумағында Армениядан әкелінген 244 автокөлік, яғни 57,3 пайызы тіркелді. Одан бөлек Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Армения Республикасынан алып келінген автокөліктер бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тіркеу 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жүргізіледі.

 

 

Работа по регистрации автомобилей, ввезенных из Армении, продолжается

На основании Постановления Правительства РК от 20 мая 2020 года №306 «О некоторых вопросах ввоза и использования гражданами Республики Казахстан отдельных транспортных средств, зарегистрированных в Республике Армения» работа по регистрации транспортных средств, ввезенных на территорию нашей страны из Армении до 1 февраля 2020 года, продолжается, сообщает ДАЙДЖЕСТ КАЗАХСТАН.

Согласно постановлению стоимость регистрации транспортного средства составляет 11 946 тенге. В нее входят 695 тенге (0,25 МРП) – сбор за регистрацию; 3 773 тенге (1,25 МРП)- пошлина за регистрационное свидетельство; 7 778 тенге (2,8 МРП)- пошлина за государственный номер.

Граждане могут зарегистрировать транспортное средство в течении 15-20 минут в специализированных отделах Центра обслуживания населения «Государственная корпорация «Правительство для граждан» по городу Шымкент.

На сегодняшний день на территории города Шымкент зарегистрировано 244 автомобиля (57,3 %), ввезенных из Армении. Кроме того, сотрудники Полка патрульной полиции проводят разъяснительные работы по регистрации армянских автомашин среди населения.

Регистрация будет проводиться до 1 сентября 2020 года.