Қаратау ауданында ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді

Қаратау ауданында ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді

17.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Д.Нұрпейісова атындағы №116 жалпы орта білім беретін мектепке жақын орналасқан дүкендерге, сауда қатарларына, ойынханаларға Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасы ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары Қаратау ауданы әкімшілігімен бірлесіп рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді.

Бірлескен сала өкілдері рейд барысында жасөспірімдерге темекі және спирттік ішімдіктерді сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық парақшаларын таратты. Аталған рейдтік шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады. Заңда белгіленген талаптарды орындамайтын азаматтар заңда аясында әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын жеткізді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.