Апта ішінде 3 қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылған

Апта ішінде 3 қылмыс бейнебақылау көмегімен ашылған

13.10.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына 05-11 қазан аралығында 5806 қоңырау шалынған, деп хабарлайды САҚШЫ info.

Оның 2608-і электронды түрде тіркелген. Қала аумағы бойынша келіп түскен ақпараттардың 752-і Абай ауданы, 740-ы Әл-Фараби, 603-і Еңбекші және 513-і Қаратау ауданына тиесілі. Ал апта ішінде бейнебақылау көмегімен 3 қылмыс ашылған. Ал әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 937 жайт анықталған.

ҚР ӘҚБтК-434 бабы -11, 440 бабы -36,449 бабы -41 және жол ережесін бұзғандар -645 жайт анықталған. Шымкент қаласы Полиция департаменті аудандық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторларымен нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жалпы – 620 хаттама толтырылған.