
АПБ-ның қызметкерлері шкаф-купе жиһазының бөлшектерін алып келемін деп тұтынушының шамамен 150 000 теңгені алып кеткен
15.10.2020Ағымдағы жылдың 3 қазанында Әл-Фараби АПБ-ның қызметкерлері Шымкент қаласының Қазыбек би көшесінің бойында орналасқан сауда орталығында шкаф-купе жиһазының бөлшектерін алып келемін деп тұтынушының шамамен 150 000 теңгені алып кеткен сол орталықта жұмыс істейтін азаматты ұстап, полицияға жеткізді. Күдікті 1992 жылы туылған жергілікті тұрғын.
Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында жұмыс беруші екі айдың еңбек ақысын бермегені үшін күдікті өзін бұл қадамға барғанын түсіндірді.
Өз кезегінде жұмыс беруші күдіктімен ешқандай келісім шартқа отырмағанын көрсетті.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 389-бабы 1 бөлігімен (Өзінше билік ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, жинақталған қылмыстық іс құжаттары Әл-Фараби ауданының сотына жолданды.