Қала аумағында тұрғындардың сеніміне кіріп, пәтер алып беремін деп 10-даған адамның ақшасын қайтармай жүрген алаяқ ұсталды

Қала аумағында тұрғындардың сеніміне кіріп, пәтер алып беремін деп 10-даған адамның ақшасын қайтармай жүрген алаяқ ұсталды

15.10.2020 Выкл. Автор mseditor

2020 жылдың 5 қазанында Қаратау АПБ-ның қызметкерлері жедел іс-шараларын жүргізу барысында іздеуде жүрген алаяқтық қылмыстарға қатысы бар күдіктіні ұстап, полицияға жеткізді. Ол 1979 жылы туылған жергілікті тұрғын.

Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
2020 жылдың 6 қазанында күдікті соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды.
Тергеп-тексеру амалдарын жүргізу барысында күдікті әр жәбірленушіден шамамен орта есеппен 500 000 теңге алып, қайтармай жүргені туралы белгілі болды.
Тергеу амалдары аяқталған соң, заңды және негізді процестік шешім қабылданатын болады.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттерден сақ болуларын ескертеді. Егер кімде-кім Сізге мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беремін деп ұсыныс білдіріп жатса оған сеніп қалмаңыз.
Дұрысы, мемлекеттік бағдарламамен пәтер алу мәселесі бойынша тұрғылықты мекенжайыңыз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, сол мекеменің сала мамандарына жүгінгеніңіз жөн.