Ағымдағы жылдың 9 қазанында Қаратау ауданы Нұрсат мөлтек ауданында көп қабатты үйдің біріндегі автокөліктер тұрағында тұрған 6 автокөліктің терезелерін сындырған жасөспірім полицияға жеткізілді

Ағымдағы жылдың 9 қазанында Қаратау ауданы Нұрсат мөлтек ауданында көп қабатты үйдің біріндегі автокөліктер тұрағында тұрған 6 автокөліктің терезелерін сындырған жасөспірім полицияға жеткізілді

15.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Сол күні аталған жайт бойынша бірнеше азаматтан шамамен 09:00-де полицияға «102» сымтегі арқылы хабарлама келіп түскен.

Өз кезегінде Қаратау АПБ-ның полиция қызметкерлері қылмыс орын алған жерге барып, көп қабатты үйдің алдындағы автотұрақта тұрған 6 автокөліктің терезелері сынғанын анықтаған.
Жедел іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері кәмелет жасына толмаған жасөспірім анықтап, полицияға жеткізді.Ол 2006 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды.
Тергеу амалдары аяқталған соң, заңды және негізді процестік шешім қабылданатын болады.
Шымкент қаласының Полиция департаменті