Ақтөбеде түзеу мекемесінен босаған сотталғандармен «қақпа алдында кездесті»

Ақтөбеде түзеу мекемесінен босаған сотталғандармен «қақпа алдында кездесті»

14.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Аталған ісшараны Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Астана аудандық және Алматы аудандык пробация қызметі аталған департаментке бағынысты КА-168/2 түзеу мекемесімен бірлесіп, темір тордан босап шыққан сотталған азаматтар үшін өткізді.

Шараға арнайы шақырылған қалалық жұмыспен қамту орталығының бас маманы Гүлнар Жұбаниязова және өңірдегі «Сенім Тірек» қоғамдық қорының заңгері Арайлым Сатқанова, КА-168/2 мекемесінен жаза өтеу мерзімінің аяқталуымен босап шыққан сотталғандармен әңгімелесу кезінде, оларға мемлекет тарапынан ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлерін айтып берді. Одан бөлек, «Сенім Трек» қоғамдық қорының заңгері Арайлым Сатқанова, заң тұрғысында қойылатын кез келген сұрақтарға жауап беруге әзір екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының Астана аудандық және Алматы аудандық пробация қызметінің инспекторлары бостандыққа шыққан сотталған азаматтарға тұратын үй-жайы болмаған жағдайда немесе денсаулықтарына байланысты шағымдары болса, сол секілді, жұмыссыз қалған жағдайда аталған пробация қызметтеріне көмекке жүгіне алатындықтарын түсіндіріп өтті.

Іс- шараны ұйымдастырудағы мақсат- «2020-2025 жылдар аралығында құқық бұзушылықтардың профилактикасына жұртшылықты тарту жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспарының 12 тармағын» орындау, нақтырақ айтқанда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан азаматтарды мемлекеттік жеке серіктестік және әлеуметтік тапсырыс негізінде кәсіпкерлік субъектілерге, еріктілер қозғалысына және қоғамдық бірлестіктердің жұмысына тарту механизмін енгізу болып табылады.

Яғни, былайша айтқанда, пробация қызметкерлерімен бірге жаза өтеу орынынан енді босаған сотталған азаматтарға мемлекет тарапынан ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектерді көрсете отырып, оларды қоғамға бейімдеу арқылы қайта қылмысқа баруына жол бермеу, алдын алу”,

дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет капитаны Жұмагүл Ешниязова.