Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандарды қоғамдық ұйымдармен кездестірді

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандарды қоғамдық ұйымдармен кездестірді

13.10.2020 Выкл. Автор mseditor

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің мәжіліс залында Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі облыстың салааралық қоғамдық ұйымдарымен кездесті.

Пробация есебінде тұрған азаматтарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босаған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға «қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» бас маманы Гүлнара Жұбаниязова, «Шаңырақ» қоғамдық қоры, «Ақтөбе облысының «Медиаторлар кеңесі» қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторлары Светлана Балпейсова және Жанар Байдулина, «Зелло-поиск» еріктілер тобының маманы Арман Турмагамбетов және пробация есебінде тұрған сотталған азаматтар қатысты.

Шара барысында сотталған азаматтар өздерін толғандыратын жеке сұрақтарын қойып, заң тұрғысында құқықтық кеңестер алды. Одан бөлек, облыстың еріктілер тобы көмекке мұқтаж пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарға қандай көмектер көрсететіндігі жөнінде айтып берді.

«Аталған басқосу барлық тарапқа пайдасын берді. Кездесуде әр мекемеден келген өкілдер өз пікірлерін ортаға салып, есепте тұрған сотталған азаматтарды қоғамға бейімдеу жолында өздері ұсына алатын көмек түрлерін ортаға салса, бірнеше уақыттан бері баласына атаулы әлеуметтік көмек ала алмай жүргендер, сондай-ақ, күйеуінен алимент төлемін өндіре алмай жүрген сотталған азаматшалар осы сауалдар төңірегінде тиісті қанағаттанарлық жауаптарын алып, басқосуды ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Жалпы, аталған кездесу- пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің «2020-2025 жылдарға арналған қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын-алу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 12 тармағын орындау» мақсатында ұйымдастырылды»,

– дейді Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметі бастығының міндетін атқарушы, әділет капитаны Асылбек Арықбаев.

Шара соңында басқосуда талқыланған мәселелер шешімін тауып, екі тараптық келісім негізінде меморандумға қол қойылды.