Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар балалар ойын алаңын жаңартып берді

Ақтөбеде есепте тұрған сотталғандар балалар ойын алаңын жаңартып берді

27.08.2020 0 Автор mseditor

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Ойыл аудандық пробация қызметкерлері пробация есебінде тұрған азаматтарды қатыстыра отырып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан

Шара кезінде Ойыл аудандық пробация есебінде тұрған азаматтар осы аудандағы «Балдырған» балабақшасының ауласын артық шөптерден және басқа да артық заттардан тазалап, балаларға арналған ойын алаңын сырлап берді.

-Бұл жұмыстардың барлығы биылғы «Еріктілер жылы» аясында атқарылып жатыр. Яғни, есепте тұрған сотталғандарды қатыстыра отырып, балабақшаға осындай қуаныш сыйлағымыз келді.

Бір жағынан есепте тұрған сотталғандарды осындай жұмыстарға тарту арқылы оларды қоғамнан оқшауламай, керісінше қоғамға бейімдеу- біздің мақсатымыз. Сонымен қатар, олардың бұл ісі басқа да есепте тұрған азаматтарға үлгі болса екен дейміз,

– дейді Ойыл аудандық пробация қызметінің инспекторы әділет аға лейтенанты Асхат Салик.

Дайджест Казахстан

Дайджест Казахстан