Ақсақал Шымкенттің бас полицейіне алғыс айтты!

Ақсақал Шымкенттің бас полицейіне алғыс айтты!

16.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Ералы Жумаханбетовке мәселесі оң шешімін тапқан ақсақал алғыс айтты.

Ағымдағы жылы жаз мезгілінде алаяқтарға алданып қалған қария өзекті мәселесін заң аясында шешу мақсатында Шымкенттің бас полицейінің онлайн қабылдауына жазылған.
Ералы Жумаханбетовтың жеке қабылдауына келген зейнеткер мән-жайды айтып, басынан өткен оқиғасын баяндап берді. Онда ғаламторға жарнама беру арқылы төрт түлігін сатпақ болған ақсақал, белгісіз азаматтың келісілген қаржыны ертен алып келіп беремін деген сөзіне сеніп, екі өгізін қолына ұстатып жібереді. Араға уақыт салып алаяқтардың арбауына түсіп қалғанын сезіп, полициядан көмек сұрайды.
Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетов Үмбет есімді ақсақалдың мәселесін жеке бақылауына алып, тиісті сала өкілдеріне тапсырма береді. Араға аз уақыт салып полиция қызметкерлері күдікті азаматтарды ұстап, қарияға тиесілі қаражаттарды қайтарып берді. Ақсақал Шымкент қаласы Полиция департаментіне арнайы хабарласып, генерал-майор Ералы Мұсаәліұлына шексіз алғысын білдірді.