Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесі  әкімшілігімен Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өткізілді

Ақмола облысы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/24 мекемесі әкімшілігімен Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өткізілді

15.12.2020 Выкл. Автор mseditor

Егемен Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында қайырымдылық шарасы өтті.

Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/24 мекемесіқариялар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына арнап қайырымдылық шарасын өткізді. Мекеме қызметкерлері азық-түлікпен киім-кешек таратып, қаржылай көмек көрсетті.Кездесуде қызметкерлер балаларды 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілген шараның мақсаты балалармен қарияларға қуаныш сыйлау екенін жеткізді. Алдағы уақытта сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

«Балаларымызға қамқорлық көрсетіп, олардың бойына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастырғымыз келді. Жеткіншектерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулуға үлес қосуды мақсат тұттық»,

– дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Дархан Калымбекович Мурзабеков.

Айта кетейік, мекеме қызметкерлерімен қайырымдылық акциясы жыл сайын ұйымдастыралып келеді.