23.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Жүрек түкпірінен шыққан туынды
ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментіне қарасты ОВ 156/22 мекемесінде.

Медицина қызметкері болып жұмыс жасап жүрген Камшат апайымыз, бүгінде сотталғандар арасында коронавирус пандемиясының алдын алу барсында өз үлесін қосуда. Сондай – ақ биылғы жылы Абай Құнанбаев атамыз 175 жылдық мерей тойы да келгенін білеміз. Осы орайда мекеменің медицина қызметкері Абай атамыздың 175 жылдық мерей жасына бір ғажайып өлең жолдарын арнап отыр. 

Абаймен – дара, аспанда Ай да, Кунменен
Абаймен – дана, қазақтың сара тілменен
Қазақтың иісін, сезіне алмайд(ы) мұрасын,
Абайды танып, Абайды оқып білемін

1 жарым ғасыр өтсе де сонау заманнан,
5 түрлі асық – қашық бар асыл адамға
Өтірік, өсек еріншек, бекер мал шашқан
Қазіргі қайғы боп тұрған мынау ғаламға

Адалдық пенен қамқарлық жанға силай ма?
Жақсылық көрсе, ойына оны жимай ма?
Ақылмен жеңіп, наданның айтқан сөзіне,
Әуенді әсем, құлаққа құйып тыңдай ма?

Қор болып сөзі дананың көсем еліне,
Үлгі еткен оқу – білімді туған жеріне,
Жастарға қарап, айтылған сөздің қадірі
Соларға бәлкім жетсе екен деген сенімде.

Баптаса қыранды да не алмайды?
Қанжыға майланбаса тұра алмайды
Абайды оқығаннан ешбір жанның,
Қайралмаса жігерін құм шалмайды деп,өзін басқа қырынан көрсете білген Камшат апайымыз үлкен бір отбасының Отанасы.

«Өнер – әр адамның бойындағы белгілі бір құдірет күші секілді. Кейде қолым тиіп, шабытым оянған кезде қолыма қалам алып, ойымдағы туындыны қағаз бетіне түсіремін. Оның өзі бір керемет дүние. Адамның бойындағы дарын, талант деген осы деп ойлаймын»,

– дейді Камшат Кокебаева.