5 қазан – Қылмыстық іздестіру қызметінің төл мерекесі

5 қазан – Қылмыстық іздестіру қызметінің төл мерекесі

06.10.2020 0 Автор mseditor

Жедел-іздестіру қызметі аса жауапкершілікті және кәсібилікті талап ететін құрылым.

Қылмыскерлерді дер кезінде құрықтап, түрлі қылмыстардың ашылуында қылмысты іздестіру құрылымдары қызметкерлерінің рөлі орасан. Ішкі істер органдарының ардагері Әлімхан Әбжанов өз ісінде айырықша қырағылық танытып жүрген жедел уәкілдерді төл мерекелерімен құттықтады.
«Жоғары технологияларды пайдаланатын болсақ қылмыс саны азаяды. Неғұрлым адамның тәрбиесі жақсы болса, солғұрлым қылмыс саны азаяды. Еліміз өркендейді»,
-деп есептейді Әлімхан Досыбайұлы.
Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаменті қызметкерлері орын алған қылмысты ізін суытпай ашу көрсеткіші артып отыр. Оның барлығы басшылық құрамның жоспарды жүйелей алғандығыны белгісі дейді.
ҚР Ішкі істер министрлігінің Құрметті қызметкері Әлімхан Досыбайұлы жауапты саланың қиындығы мен қауіптілігін ескертті.
Дей тұрғанмен, қарақшылықты кәсіп еткен қауіпті ұйымдасқан топтың жасаған қылмыстарын ашуға жанын салып жүрген жедел уәкілдердің жұмысына табыс тіледі. Төл мерекеге орай ақ жарма тілегін жеткізді.