48 жастағы ер адам жеке куәлікті пробация және көші-қон қызметкерлерінің ынтымақтастығы арқасында алды

48 жастағы ер адам жеке куәлікті пробация және көші-қон қызметкерлерінің ынтымақтастығы арқасында алды

23.11.2020 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

Рудный қаласының тұрғыны 48 жыл бойы құжатсыз өмір сүрді.

48 жастығы ер адам пробация қызметі мен Рудный қаласы полиция бөлімінің көші-қон қызметінің бірлескен жұмысының арқасында жеке куәлікке ие болды.

«Пробаци қызметінде есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету ережесін бекіту ткралы» Қазақстан Руспубликасы Үкіметінің қаулысын орындау аясында ПҚБ аға инспекторы Александр Бачурин құжаттарды қалпына келтіруге көмектесу үшін Рудный қаласы полициясының көші-қон қызметі бөліміне жеке бағдарлама жіберді.

Ер адамның айтуынша, әртүрлі өмірлік жағдайлар оған республиканың әрбір азаматының ең маңызды құжатын алуға мүмкіндік бермеді.Бірақ қазір маңызды қызметтерді, оның ішінде әлеуметтік және медициналық қызметтерді алу процедурасы жеңілдетіледі-өйткені оның қолында қазір жеке куәлігі бар.

«Құжаттау және тұрғылықты жері бойынша тіркеужұмыстары көші-қон қызметі бөлемімен бірлесіп толық көлемде жүргізілді, нәтижесінде сотталған Ш. Көптен күткен құжатты алады»,

– деді пробыция қызметінің бастығы, әділет майоры Азамат Бекишев.

Қазір пробация қызметі жұмыспен қамту орталығымен бірге ер адамға жұмыс іздеуде.