Шымкент қаласы Полиция департаментіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Арыстанғани Расылханұлы Заппаров жұмыс сапарымен келді

Шымкент қаласы Полиция департаментіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция полковнигі Арыстанғани Расылханұлы Заппаров жұмыс сапарымен келді

02.10.2020 0 Автор mseditor

Полиция полковнигі А.Р. Заппаров аудио селектор арқылы департаменттің жеке құрамымен жиналыс өткізді.

Аталған кездесу барысында полиция полковнигі А.Р. Заппаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ» атты Қазақстан халқына Жолдауында жүктелген міндеттерді жүзеге асыру бағыттарында жүктеген міндеттерді жеке құрам назарына жеткізді.
Атап айтқанда Ішкі істер органдарының қызметін одан әрі желтілдіруге қойылған талаптар туралы айттып, учаскелік инспекторлары институтын жанданатынын әрі лауазымдық жалақыларын және лауазымы бойынша шекті арнаулы атақтарын көтеру көзделіп жатқанын жеткізді. Азаматтармен өзара диалогты арттыру мақсатында учаскелік полиция қызметінің жұмысын қайта құру, олардың қоғам игілігі үшін және азаматтардың қоғамдық тәртібі үшін жұмыс істеуін қамтамасыз етілеуіне тоқталды.
Сонымен қатар, халықаралық тәжірибеде сервистік полицияның келесі тұжырымдамасы қабылданды: сервистік полиция – полиция қызметіндегі қоғамдық бағдарланған тәсіл – басқару стилі, мәселелерді шешуге және қоғаммен серіктестікке бағытталған ұйымдастырушылық стратегия. Алдағы уақытта аталған стратегияда көрсетілген бағыттары бойынша полиция қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл жасауға, полиция қызметінің тиімділігі және нақты аумақта тұратын тұрғындардың қауіпсіздігі мәселелерінің басымдылығы туралы халықтың пікірін ескере отырып, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешетін болады.
Полицияның әдістері мен тәжірибесі өзгереді және полиция мен қоғам арасында сындарлы қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылданады. Тиімділіке қол жеткізетін бұл тәсіл барлық полиция қызметтері тарапынан да, өзара іс-қимыл мен осы процестегі өз үлестерінің нәтижелерін байқай алатын жұртшылық тарапынан да мақсатты қолдауды көздейді.
Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап елімізде сотқа дейінгі тергеумен айналысатын полиция қызметкерлері азаматтардың конституциялық құқықтарын қозғайтын істер бойынша негізгі іс жүргізу шешімдерін шығарудың электрондық форматына көшетіндігін хабарлады.
Сервистік моделінің негізін сипаттауға болатын негізгі қағидат, ол «Полиция – бұл халық, ал халық – бұл полиция». Елімізде полицияның ұлттық моделі қалыптасуда. Полиция азаматтардың проблемаларын шешетін және көмектесетін қызмет болатынын атап өтті.