100 сағаттық қоғамдық жұмысты орындамаған азамат түзеу мекемесіне жіберілді

100 сағаттық қоғамдық жұмысты орындамаған азамат түзеу мекемесіне жіберілді

08.01.2021 Выкл. Автор САҚШЫ INFO

3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасына  сотты болған К. есімді азамат Арал аудандық пробация есебіне 2020 жылдың  мамыр айында есепке алынады.

Оған қосымша сот үкімімен  мәжбүрлі түрде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тарту жазасы берілген. Бұл азамат пробациялық бақылауда болып, сот жүктеген міндеттерді толық орындағанымен, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін орындамай, пробация қызметкерлерінің ескерулеріне құлақ аспаған.

Пробация қызметкерлері  қоғамдық жұмысты орындамағаны үшін,  бас бостандығынан айыруға аудандық сотқа ұсыныс жолдаған.Аудандық соттың қаулысымен оның жазасының өтелмегені бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, түзеу мекемесіне  өтеуге жіберілді.