1 қазан – Халықаралық қарттар күні

1 қазан – Халықаралық қарттар күні

02.10.2020 0 Автор mseditor

Бұл – ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ерекше мереке.

САҚШЫ инфо

САҚШЫ инфо

Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы полиция басқармасы Ішкі істер органдарының ардагері отставкадағы полиция полковнигі Қуатов Сабит Жамалұлының үйіне барды.

Қаратау ауданы полиция басқармасының қызметкерлері ардагерді қарттар күнімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік, мейірімділік пен бақ-береке тілеп, қызметтегі көп жылдық еңбектері үшін алғыс білдіріп, сыйлықтар табыстады.
Өз кезегінде, ардақты ардагер басқарма полицейлерінің құттықтаулары мен қамқорлықтары үшін әріптестеріне зор алғысын білдірді. Сондай-ақ Ішкі істер органдарына еңбек сіңірген зейнеткер – қарт әріптестерін де құттықтап, оларға табыс тіледі.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.